• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қараша, 2024

«Төрт баланың өмірін қиған өрт»: Жеңіс Қасымбек қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

102 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада жеке тұрғын үй өртінен қаза тапқан балалар оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Әкімнің айтуынша, өртенген үй екі отбасы жалға алған саяжай болатын. Қазір зардап шеккендердің тұрақты баспана мәселесі шешіліп жатыр.

«Біз бұл мәселені қарастырып, шешімін табамыз. Екінші отбасы үшін уақытша жатақхана берілді, болашақта онымен қосымша жұмыс жүргізілетін болады. Қазір олардың тұрақты тұрғын үй мәселесін шешуге тырысып жатырмыз», деді қала әкімі.

Еске сала кетейік,  Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.