• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2024

Жамбыл облысында құқықтану сағаты өтті

114 рет
көрсетілді

Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кәсіп – игергендікі, жұмыс – еңбектенгендікі» жобасы аясында «Ішкі істер органдары – елімізде ең ірі әрі көп салалы құқық қорғау құрылымы» атты құқықтану сағаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға өңірдегі Ауған соғысы ардагерлері мен Мүгедектер одағының төрағасы, «Құрмет» орденің иегері, қоғам белсендісі Дүкенбай Ермеков, Ішкі істер органдарының ардагері, қазіргі уақытта «Алтаис» компаниясының қауіпсіздік қызметінің басшысы Мұхтар Керпіков, Ішкі істер министрлігіне қарасты облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 1-ші полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция майоры Мәлік Таукебаев, Қызметтік жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Бөгенбай Аманбеков, жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Рүстем Жарылқапов, полиция аға лейтенанты Нұрадыл Баймамыров, 81067 әскери бөлімінің кіші сержанты Айдана Айтқұлова және басқа да Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

«Құқықтану сағатына қатысушылар Отан қауіпсіздігін сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы патриоттық әңгіме өрбітіп, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру барысында жасалатын игі қадамдар туралы өз ойларын ортаға салды», дейді кітапхана қызметкерлері.