• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2024

Жамбыл облысында 85 тонна артық жүк тиеген жүргізуші айыппұл арқалады

63 рет
көрсетілді

Көлік министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ауыр салмақты жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын «М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеді. Өлшеу нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда көлікке тиелген артық жүк мөлшері 85 тоннаны көрсетті. Осылайша, ел бюджетіне түсетін қосымша қаражат 26 млн 850 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарланғандай, «ҰССО» АҚ геодезисі мен мамандары өлшеу рәсімінде қолданылған таразы жабдығы мен алаңға қойылатын талаптардың сәйкестігін растаған. Ауыр жүкті өлшеу тасымалдаушы «М нефтьСервис» ЖШС директорының және Бас көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылған.

Көліктік бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама толтырылған: Арнайы рұқсаттағы салмақ параметрлері 85 тоннадан асқаны; Жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін бұзуы; Лауазымды адамдарға жұмыс барысында кедергі жасау; Халықаралық тасымалдауға рұқсат картасының болмауы. Бұған дейін бұл тасымалдаушы өлшеу рәсімінен бас тартып, БАҚ арқылы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратқан. Естеріңізге сала кетейік, көлік құралдарының салмағын дер кезінде өлшемеу жолдың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі.