Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтындар 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.