ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 23 қараша күні үш жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz ғылыми орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы дүмпу Астана уақытымен 10 сағат 45 минут 43 секундта тіркелген. Жер сілкінісінің координаттары: 40,906 N. 77.759 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстікке қарай 265 шақырым жерде) орналасқан.
Екінші жер сілкінісі 13 сағат 32 минут 57 секундта болды. Жер сілкінісінің координаттары: 39,319 N. 71.598 Е. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында (Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 620 шақырым жерде) орналасқан.
Үшінші дүмпу 15 сағат 06 минут 53 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 42,060 Н. 80.481 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде) орналасқан.
Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат жоқ.