• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2024

Батыс Қазақстанда көлік аударылып, екі адам көз жұмды

119 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПД мәліметінше, оқиға 26 қараша күні шамамен 17:15-те Бөрлі ауданында болды.

«Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолының 7-шақырымында «Nissan Murano» автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Жүргізуші мен автокөлікте отырған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды», делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар