Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің республикалық «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген мақалада екі ел арасында ауқымды тың жобаларды іске асыру мүмкіндігі туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Владимир Путин екі елдің өңірілері өзара тиімді кооперацияны нығайтуға елеулі үлес қосып жатқанын тілге тиек етіп, Ресейдің барлық дерлік субъектілері Қазақстандық серіктестермен тығыз байланыс орнатқанын жеткізді. Соның нәтижесінде энергетика, өнеркәсіп, көлік және жоғары технологиялар саласындағы ауқымды жобалар жүзеге асып жатқанын атап өтті.
«Осы күндері Уфа қаласында 20-шы аймақаралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Оған дәстүр бойынша билік органдарының басшылары, заң шығарушылар, министрліктер мен ведомстволар, бизнес, ғылым және қоғамдық топтардың өкілдері, яғни екіжақты қатынастарды дамытудың қолданбалы мәселелерімен айналысатын барлық маман жиналды. Қасым-Жомарт Кемелұлы екеуміз форумға қатысушыларға бейнебайланыс арқылы хабарласуды жоспарлап отырмыз», деп жазды Владимир Путин.
Бұдан басқа, Ресей Президенті өңіраралық және шекарааралық өзара іс-қимылдың ауқымды бағдарламасы дайындалғанын жазды. Оған екі елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды дамуы үшін, сондай-ақ адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған 150-ге жуық бірлескен іс-шаралар мен жобалар енгізілген.