• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:22

Әскери бөлімдерге тарихи тұлғалардың есімі берілді

26 рет
көрсетілді

Бұл бөлімшелер енді Ұлы Отан соғысының үш батыры Бауыржан Момышұлының, Қасым Қайсеновтің, Мартбек Мамраевтың, сондай-ақ командир Есет батырдың есімдерімен аталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

3-1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №937 қаулысымен Ұлттық ұланның 5571 әскери бөліміне Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімі берілген еді.