• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 20:07

Өскемен қаласының әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді

26 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қала әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақсылық Омар бұл қызметке 2018 жылы тағайындалған болатын. Әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызметінен кету себебін түсіндірді.

«Құрметті өскемендіктер! Өкілеттік мерзімімнің аяқталуына байланысты қала әкімі қызметінен кететінімді хабарлаймын. Алты жылдан астам уақыт ішінде сіз бен мен және менің әріптестерім бірлесе отырып, қаламызды көркейттік. Жақсы нәтижеге қол жеткізілді және күрделі мәселелер шешілді деп ойлаймын», деді Жақсылық Омар.

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.