• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Медициналық көмектің көлемі қомақты

48 рет
көрсетілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келер жылы көрсетілетін медициналық қызметтерге өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Қор 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін бастады. Медициналық қызмет көлемін бөлуге мемлекеттік, жеке меди­циналық ұйымдар қатыса алады. Медициналық ұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жү­йесі шеңберінде денсаулық сақтау нысан­дарының дерекқорына енген болуға тиіс. Сондай-ақ олар ТМККК, МӘМС ая­сында медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережелерінің 37-1-бабы 1-тармақшасында көр­сетілген талап­тарға сәйкес болуы қа­жет. Әлеуметтік меди­­ци­на­лық сақ­тандыру қоры басқарма төра­ға­сының орынбасары Светлана Пономарева өтінімдердің қандай тәртіппен қаралатынын баяндап берді.

«Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері он күн ішінде ұсы­ныл­ған құжаттардың медициналық көмек көлем­де­рін орналастыруға жіберу талаптарына сәйкестігін тексереді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау нысанының талаптарға сәйкес­тігі немесе сәйкес еместігі туралы хаттама жасалады. Егер қандай да бір ескертулер табылса, клини­каларға оларды түзетуге үш жұмыс күні беріледі, содан кейін өтінімдер қайта қара­лып, көлемдерді комиссиялық бөлу іске асады», – деді С.Пономарева.

2025 жылға арналған Меди­циналық қыз­­меттерді сатып алу жоспарына сәйкес, меди­циналық көмек көрсетуге 2,9 трлн теңге­ден аса қаражат қаралған. Оның 1,3 трлн теңгеден астамы – міндетті әлеу­меттік меди­циналық сақ­тан­­­дыру жүйесі шеңберінде көр­се­ті­ле­тін қызметтер.