Танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің кезекті марапатын аты аңызға айналған опера әншісі, КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Димаш желідегі парақшасында хабарлады.
«Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Құрметті #dears, құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауларыңызға көп рақмет айтқым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», деп жазды әнші.
Еске салайық, 28 қарашада Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA сыйлығын иеленген еді.