Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. 11 желтоқсанға дейін өтетін бәсекеде ерлер – 13, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, жоспар бойынша биылғы Азия біріншілігі осыдан екі жыл бұрын аталған доданы қабылдаған Иордания астанасы – Амманда өткізілуі тиіс еді. Алайда өңірдегі қауіпсіздік мәселесі ескеріліп, чемпионат Иорданиядан Таиландқа ауыстырылды. Осылайша, Таиланд Корольдігі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бокстан Азия чемпионатын өз тарихында 9-мәрте қабылдап отыр.Биылғы Азия чемпионатының ерекшелігі, сары құрлық додасына алғаш рет Украина боксшылары да қатыспақ. Бұл Азия чемпионатында тіркелген алғашқы жайт болса да, Еуропа чемпионатында өзге құрлықтан, яғни, Израиль, Мысыр сияқты елдердің де боксшылары қатысқан кездер болған.
Қазақстан ерлер құрамасының тізімі:48 келі: Санжар Тәшкенбай51 келі: Сәкен Бибосынов54 келі: Махмұд Сабырхан57 келі: Оразбек Асылқұлов60 келі: Бейбарыс Жексен63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы67 келі: Дулат Бекбауов71 келі: Абылайхан Жүсіпов75 келі: Диас Молжігітов80 келі: Ерасыл Жақпеков86 келі: Бекзат Нұрдәулетов92 келі: Сағындық Тоғамбай+92 келі: Айбек ОралбайҚазақстан әйелдер құрамасының тізімі:48 келі: Әйгерім Сәттібаева50 келі: Алуа Балқыбекова52 келі: Жазира Орақбаева54 келі: Сымбат Әлиасқар57 келі: Ұлжан Сәрсенбек60 келі: Виктория Графеева63 келі: Аида Әбікеева66 келі: Милана Сафронова70 келі: Наталья Богданова75 келі: Диана Мағауияева81 келі: Гүлсая Ержан+81 келі: Елдана ТалиповаАйта кетейік, сары құрлық чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.