Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде бір доллар орта есеппен 512-520 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түске дейін Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506 теңгеден сатылса, сатып алу құны 512,50 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,10 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,10 теңге. Кейбір ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 520 теңгеден саудаланып жатыр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 520 теңге.
Ұлттық банктің 29 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 513,00 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,69 теңге. Еуро - 541,16.
Айта кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.