Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қараша айында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өту әрекетінің 1313 фактісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, шекаралық аймақта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 5 785 адам ұсталды, оның ішінде: шекараны бұзғаны үшін – 17 шетел азаматы; шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін – 19 шетел азаматы бар.
«Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1313 фактісіне жол берілмеді, оның ішінде: есірткі заттары – 26 факті; қару, оқ-дәрілер – 62 факті (30 бірлік суық қару, 1 бірлік атыс қаруы, 1 бірлік пневматикалық қару, 43 дана суық қару, 136 дана оқ-дәрі, 18 дана электрошок); діни әдебиеттер – 35 факт (1 215 дана); жанар-жағармай материалдары -жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын 414 факт (55 000 литрден астам); халық тұтынатын тауарлар - жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден асатын 644 факті тіркелді», делінген хабарлама.
Сондай-ақ Каспий теңізінде браконьерліктің жеті фактісі анықталғаны атап өтілді.
«Жүзу құралдары - 1 бірлік; браконьерлік аулау құралдары - 44,3 километр тор; бекіре тұқымдас балықтар - 206 дана (1 633 килограмм); жартылай балық түрлері - 46 дана (30 килограмм); итбалықтар - 28 дана; алдын алынған залал сомасы шамамен 620 миллион теңгені құрады», деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Аталған фактілер бойынша материалдар құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды. Мемлекеттік шекарада шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті әдеттегідей жұмыс істейді.