• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Желтоқсан, 2024

Теннисші Әмір Омарханов Мексикада жеңімпаз атанды

Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әмір Омарханов Ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен.

Финалда Әмір мен Тимофей турнирдің бірінші нөмірлі спортшылары – чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Ал жекелей сында Омарханов жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен жол берген.

Соңғы жаңалықтар