• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Желтоқсан, 2024

Астананың қоғамдық көлік паркі 30 автобуспен толықты

80 рет
көрсетілді

Елорданың қоғамдық көлік парктерінің бірі жаңа 30 автобуспен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz CTS компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, жаңа автобустар № 14, 42, 53, 70 маршруттардың жылжымалы құрамын жаңартуға бағытталған және қазірдің өзінде желіде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар биыл «Жорға МТ» ЖШС автобус паркі сатып алынған жаңа автобустар саны бойынша жеке автобус парктері арасында көшбасшы атанған. Автобус паркі № 6, 14, 16, 42, 43, 53, 70 маршруттарына қызмет көрсетеді.