• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Желтоқсан, 2024

Жетісу облысында шетелдік алаяқтар тобы ұсталды

57 рет
көрсетілді

Жетісу облысының полицейлері прокуратураның үйлестіруімен құрамында шетел азаматтары бар ұйымдасқан алаяқтар тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

 

Қылмыстық ниеттеріне қол жеткізу үшін олар әртүрлі алдау схемалары мен заманауи технологияларды, яғни қашықтан қол жеткізу қолданбаларын (AnyDesk, Kenguru, Teamviewer) және т.б. пайдаланған. Топтың өзінің «Қолма-қол ақша шешу орталығы» бар, ол дропперлерді пайдаланып, қаражатты криптовалютаға аударып отырған.

«4 адамнан тұратын топ, шетелдік азаматтармен бірлесе отырып, біздің облыстың жүзден астам тұрғынын алдаған, олар 100 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және қымбат нөмірлері бар 3 люкс көлік тәркіленген. Топтың 4 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.