• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:01

Қостанай облысында жол жұмыстарының құны негізсіз көтерілген

22 рет
көрсетілді

Қостанай облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жұмыстардың құнын негізсіз көтеру фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомсто мәліметінше, әкімдіктер ағымдағы және орташа жөндеу бойынша сметаға жоба сомасының 2% мөлшерінде күтпеген шығыстарды енгізген. Бұл ретте заңнамада мұндай шығындар көзделмеген. Нәтижесінде жолдарды жөндеу құны 840 млн теңгеге өскен.

Сонымен қатар сметаны қалыптастыру кезінде сметалық пайданы есептеу бойынша енгізілген өзгерістер ескерілмеген.

«Жобалардың қымбаттауына әкелген 8%-дық ескі норматив қолданылған (жаңа 5%). Мониторинг көрсеткендей, мердігер орындаған жұмыстардың сапасын бақылау жолдардың кейбір учаскелерінде ғана жүргізілген. Әкімдіктер зертханалық зерттеулерден қандай жолдар өтетінін өздері таңдаған. Нәтижесінде жыл сайын жөнделетін учаскелердің 20% -30% Ұлттық жол активтері сапасы орталығының филиалы тексермеген. Мысалы Меңдіқара ауданында «Боровская-Ұзынағаш» жолының 3 шақырымында ғана сынақ жүргізілген, оның ұзындығы – 28 шақырым», делінген хабарламада.

Талдау қорытындысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі шарттардың талаптарын қайта қарап, күтпеген шығыстар алынып тасталған. Сондай-ақ мердігер ұйымдар 32 млн теңге көлемінде негізсіз алынған қаражатты өтеген. 2025 жылы жөнделетін жолдарды сараптамамен толық қамту жоспарланған.