Көкшетау қаласының прокуратурасы «Artsport» және «DamuBala» бағдарламалары аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлінген қаржы жымқырылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Күдіктілер спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жүзеге асырған.
Мәселен Көкшетау қаласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі спорттық секцияларға мүлдем қатыспаған балалар бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілерін ұсынған.
Осыған орай, қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны мәлім болды.