• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Желтоқсан, 2024

Назарбаев университеті басшысын қабылдады

132 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Назарбаев университеті президенті, профессор Вакар Ахмадты қабылдады.

М.Әшімбаев елімізде ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыт­­тарының бірі екенін атап өтті. Мем­­ле­кет басшысының тапсырмасымен отан­дық ғылымның әлеуетін нығайту және барлық салаға инновацияны кеңінен енгізу жөнінде жүйелі шаралар қабылданып жатқаны да сөз болды.

Сұхбат барысында тараптар білім беру және ғылыми зерттеу жұмыстары­ның келе­ше­гіне, сондай-ақ әртүрлі салада жаңа тех­но­логиялар мен иннова­циялар әзірлеу ісі­не ерекше назар аударды. Осы орайда Сенат пен Назарбаев университеті жанын­дағы Зияткерлік жүйелер және жасанды ин­теллект институты арасындағы іс-қимыл­ды одан әрі дамыту мәселесі сөз болды.

«Зияткерлік жүйелер институтымен ынтымақтаса жұмыс істеу жасанды интел­лект технологияларына арналған нор­ма­тивтік-құқықтық база әзірлеуде маңы­зы зор. Гранттық бағдарламалар сияқ­ты жасанды интеллект саласындағы зерттеу­лерді ынталандырудың да берері мол деп есептейміз. Университеттің осы бағытта­ғы ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу тиімді және прогрессивті құқықтық орта қа­лып­тастыруға ықпал етеді», деді М.Әшімбаев.

Кездесу кезінде Сенат спикеріне Назарбаев университетінің қазіргі қызметі, алда­ғы жоспары және бірлескен жобалар мен бастамалар жөнінде мәліметтер берілді.