Қазақ халқының «Беташар» салты Парагвай астанасында адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді», деп жазды Ерлан Қарин.
Бұған дейін ЮНЕСКО Қытайдың жаңа жылын материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізген еді.