Көкшетауда жаңа жылдық мерекелік шараларға дайындық жұмыстарына 51 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс орталығы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетауда Жаңа жыл қарсаңында мерекелік шаралар өтетін негізгі орындар анықталған.
Көкшетау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, мерекенің басты орны Абылай хан алаңындағы мұз қалашығы болмақ. Мұнда әдеттегідей биіктігі 22 метр болатын бас шырша орнатылады.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына үлкен металл сырғанақ және кем дегенде 12 мұз композициясы уәде етілген, ал алаңда орта және екі шағын мұз сырғанақтары орналасады. Сондай - ақ, «Жаңа жылдық фотоаймақ 2025» және «Жаңа жылдық шана», мерекелік безендірілген сахна және ұлттық стильдегі 8 шағын архитектуралық нысан – Білезік және Сақина сияқты суретке түсіруге арналған орындар қарастырылмақ.
«Қосымша екі орын «Достар» және «Болашақ сарайы» мәдениет сарайының жанындағы алаңдарда орналасады. Мұнда шыршалар жеңіл элементтермен безендіріліп, суық неоннан жасалған домбыра түріндегі МАФ және қос-жарық гирляндтар орнатылады. Сондай-ақ бұл учаскелерде мұз сырғанақтары орнатылады», делінген хабарламада.
Жалпы, биылғы жылы жаңа жылдық іс-шараларға дайындық жұмыстарына қала бюджетінен ҚҚС қосқанда 51 миллион теңге немесе ҚҚС-сыз 45,5 миллион теңге бөлінген.
«Бас шыршаны жағып, мұз қалашығын салтанатты түрде ашу жоспарланған. Бұл іс - шараның күні мен уақыты кейінірек нақтыланатын болады, деп толықтырды ведомстводан.