Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылы су тасқыны қаупі туындауы мүмкін өңірлерде дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Астана қалалық ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлесіп «Нұра» ауданы Кіші Талдыкөл көлінің қар полигоны мен бөгетіне аэровизуалды тексеру жүргізді.
Қар полигонынан еріген суды ағызу үшін арнаны қазу орындары, сондай-ақ оны одан әрі нығайту үшін бөгет бойындағы қиындық тудыратын жерлер анықталды.
Мамандар тексеру қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындады. Олардың шешімі елорда аумағындағы су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
Ал ШҚО-да Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын және Қатонқарағай ауданындағы су тасқыны қаупі бар жерлерге де аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Әуеден барлау нәтижесінде Бұқтырма өзенінің бойында, сонымен қатар Глубокое ауданында орналасқан елді мекендердің жағдайына мониторинг жасалған.
«Өңірде су тасқыны құбылыстарының туындауына жол бермеу мақсатында 2025 жылы инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес облыс аумағында облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шара іске асырылып жатыр», деді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Рашид Блялов.