• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2015

Амбулатория аурушаңдықты азайтады

292 рет
көрсетілді

Шиелі ауданында «Бидай­көл» дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау мекемесінің құрылысына облыстық бюджеттен 79 миллион 420 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінде жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған амбулаторияда 2 дәрігер, 7 медбике жұмыс істейді. – Жаңа амбулатория ауру­шаңдықты дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, қазір ауылда аурушаңдық 9,5 пайызға азайып, туу көрсеткіші артты. Енді ауыл тұрғындары ем алу үшін аудан орталығына бармайды. Мұнда күндізгі ем қабылдау бөлімі де бар,– дейді Шиелі ауданының бас дәрігері Қазбек Шәукебаев. Өткен жылы «Бидайкөл» ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. 320 көрермен залы бар өнер ордасында түрлі үйірмелер жұмыс жасауда. Ауданда «Ақ бұлақ» бағ­дарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шиелі кентінің ішкі су құбырлары жа­ңартылып, су көтеру мұнарасы орнатылды. Бағдарлама аясында 8 елді мекеннің ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары қаралған. Бүгінде бес ауылдағы құрылыс жұмыстары аяқталды. Ауданның тыныс-тір­шілі­гімен танысқан Қырымбек Кө­шербаев орталық кітап­хана­ның жұмысын да көзімен көрді. Кітапхана ескі ғимаратта орна­ласқан. Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақ­сатында жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі қаралатын болды. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.