Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне өз кеңесін берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:
- көлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;- әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.