• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Желтоқсан, 2024

«Келешек» бағдарламасына қатысты заң мақұлданды

61 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, депутаттар күн тәртібіне шығарылған мәселелерді қарады.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдар­ламасы – 1-кіші бағдарлама) рати­фи­кациялау туралы», «Қазақстан Респуб­ликасы мен Азия Инфра­құ­рылымдық Инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» атты даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» заңдар қаралды.

Талқылау кезінде депутаттар бұл келісімдерді ратификация­лау елімізге бюджеттің теңгерім­ді­лігі мен елдің әлеуметтік-экономи­калық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және стратегиялық басым­дық­тарды одан әрі іске асыру үшін жоспарлы кезеңге арнал­ған рес­пуб­ликалық бюджет тапшылығының бекі­тілген мөлшері шеңберінде қа­рыз алуға мүмкіндік беретінін айтты. Тар­тылатын қарызға қыз­мет көр­сету­ді және өтеуді Қаржы ми­нистр­лігі Қарыз туралы келісімде белгі­ленген қаржылық шарттарға сәйкес кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырады.

Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларын­да артық заңнамалық регламент­теу­ді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

Бұл құжат қоғамдық даму, мәдениет, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы қол­даныс­тағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағыттал­ған. Атап айтқанда, осы заң арқы­лы «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қызметін құқықтық реттеу көзделіп отыр. Мұндай жүйені құру жөнінде Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағ­дары» атты Жолдауында айтқан еді.

«Келешек» бағдарламасы жоғары білім алуды, колледжде немесе магистратурада оқуды қоса алғанда білім беру жинақтарын қалыптастыруға арналған. Бұл ретте мемлекеттің, ата-ана­лар­дың және қаржы институттарының қатысуы да көзделген.

«Мақұлданған заңда бірқатар саланы бюрократиядан арылтуға арналған түзетулер топтамасы қам­­тылған. Сондай-ақ Прези­денті­міз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда жүктеген тапсыр­масын орын­дау мақсатымен «Келешек» бірың­­ғай ерікті жинақтау жүйе­сін енгізу жөнінде норма қарастыры­лып отыр. Алдағы уақытта заң аза­мат­­тарға сапалы білімнің қол­же­тім­­ді­лігін қамтамасыз етуге және мем­лекет­тік органдар қызметі­­нің тиім­ді­лігін арттыруға оң сеп­тігін тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Осылайша, заң мәдениет, қоғам­дық даму саласын реттеу­дің нор­мативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұлттық заңна­ма­ны және оның құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етпек.