• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Әдебиет Бүгін, 08:25

Ең жомарт жазушылар

32 рет
көрсетілді

Әдебиет біздің өмірімізге араласқалы бері тек рухани азық қана емес, қоғамды түзеудің де қуатты құралы болып келді. Әрине, ойдың қаруы деген дұрыс шығар. Әлемге аты шыққан қаламгерлер қаламын қару етіп, қоғамға, айналасына ой тастауды басты мақсат етті. Сол үшін де олардың кейбірі ізгіліктің елшісі, жақсылықтың жаршысы бола алды. Бүгін сол туралы сөйлемекпіз.

Қазіргі әлемдік әде­биет­­­­­тегі танымал жа­зу­шылар кітап­­та­­ры­нан түскен қара­жат­ты қа­йы­рым­дылыққа жұм­сап, мейі­рім­­ділік пен жанашыр­лық­тың шынайы үлгісін көрсетіп келеді. Олардың игі істері біз өмір сүріп отыр­ған қоғамға әсер етіп, өзгелерге шабыт сыйлағаны сөзсіз. Күллі оқырманға «Хәрри Поттер» ат­ты сериялы кітаптарымен таныл­ған ағылшын жаузшысы Ж.К.Роу­лиң кітабынан орасан зор табыс тап­қаны анық. Кең жүректі жазу­­шы түскен табысын өз пайда­сына ғана жұмсаған жоқ. Ол көпте­­­­­г­ен халықаралық қайырым­ды­лық ұйымдарына қаржылай кө­мек көрсетті. 2005 жылы Роу­лиң балаларға және жалғызбасты аналарға көмек көрсету үшін «Lumos» атты қайырымдылық қо­рын құрды. Бірде Роулиң әлде­бір газет­­тен бас­панасыз, тіпті мына әлемнен оқшауланған кіш­кен­тай бала­ның суретін көріп, оған және ол сияқты отбасынан айрыл­­ған балаларға көмектесу­ді көз­дей­ді. Нәтижесінде, ол бү­кіл әлемдегі балалардың құқық­та­рын қорғауға, олардың әл-ауқатын жақсартуға бағыттал­ған қайырымдылық қорымен айналысты. Қордың негізгі мақ­саты – балалар үйлеріндегі жет­­кіншек­тер санын азайтып, олар­ды туған немесе асырап ал­ған отбасына орналастыру. Қазір бұл қордың араласуымен көптеген елдерде балалар үй­лерін жабу және от­басылық тәр­биені қолдау саясаты ен­гізілді. Мысалы, Молдова мен Бол­гария сияқты елдерде ­ба­лалар үйлерінің саны айтарлық­тай азай­­ды. Байыптасаңыз, қолына қалам ұстаған Джоан Роулиң­­нің бұл игі бастамасы әлемдегі мил­лиондаған баланың тағды­рын өзгертіп, олардың болашаққа үміт­­пен қарауына мүмкіндік бе­ріп отыр. «Қаламды қару етіп» де­ген тіркесті осындайда қол­дан­сақ артық емес. Жүрегі жұм­сақ жа­зушы табысының күн сайын есе­леніп жатқанына оның ізгілікті іспен айналысуы себеп те болған шығар.

Ауған текті америкалық жазушы Халед Хоссейни «Батпыра­уық қуған бала», «Жарқыраған мың күн» сияқты романдарымен әлем оқырмандарына жақсы таныс. Өз ата жұртындағы халықтың тағдыры мен азабын жазған қа­лам­гердің кітаптары бүкіл әлем­де тез сатылып, көп пайда әкел­гені рас. Автор кітаптарынан түс­кен қаражат­тың бір бөлігін қа­йырымдылық мақсатында жұм­­­сады. Ол 2007 жылы өз атын­да әлеуметтік қор құрып, Ауған­стандағы балалар­дың білім алуына, медициналық кө­мек­ке жү­гінуіне жол ашты. Әсі­ресе, со­ғыс зардабынан зиян шеккен әйел­дер мен балаларға ерек­ше кө­ңіл бөледі. Бұл да екінің бірі­нің қолы­нан келе бермейтін ерлік­пен парапар іс.

Ал әдебиеттегі шытырман жанрдың бел ұстар жазушысы ата­нып жүрген Стивен Киң де қа­йырымдылыққа ерекше мән бе­ретін санаулы қаламгердің бірі. Ол әйелімен бірлесіп «Stephen and Tabitha King Foundation» қорын құрды. Аталған қор АҚШ-тағы бі­лім, медицина, мәдениет жә­не өнер салала­рын қаржыланды­ра­ды. Сти­вен Киң қайырымды­­лық­ты жария ете бермесе де, оның көмек көр­сет­кен жобалары­ның тізімі айтар­лықтай ауқымды еке­нін білеміз.

Әлемдік танымал жазу­шы­лардың құрған қайырымды­лық қорларын тізбелей берсек, бұл жазбамыздың көлемі бі­разға созылатыны шындық. Осы ретте тек бірнешеуін мысал ретінде алдық. Шабыт алатын игі істер қа­йырымдылықпен айналыса­тын жазушылардың осын­дай бастамалары әдебиет­тің шең­­берінен шығып, қоғам­ға деген жауапкершілікті көрсе­те­ді. Олардың бұл ізгіліктері әр­бір оқырманға ой салып, өзгеге қол­ұшын созуға ынталандырады. Шындығында, қайырымдылық тек байлардың айналысатын ісі емес, әр адамның жүрегінде болуы тиіс қасиеттің бірі. Жомарт жазушылардың бастамалары бізге рухани байлықтың нағыз көрінісін көрсетіп, адамгерші­лік құндылықтарды дәріптейді. Әрбір қаламгердің жазғаны – адамзатқа қызмет ететін мұра екені даусыз, ал жасаған қайы­рым­дылығы – мәңгілікке жалға­сатын ізгілік жолы.

Біздің арамызда қайы­рымдылықпен үнемі айналыс­паса да, үлкен жүректі қаламгерлер бар екен. Соның бірі – Дулат Исабеков. 2019 жылы қаламгерден сұхбат алғанымда: «Шеттен көшіп келген қандасыңызға бір үйіңізді тегін беріпсіз, ол қалай болды?», деген сұрақ қойдым. Сонда қаламгер мынадай оқиғамен бөлісті.

«Үй болғанда, еңселі сая­жай ғой. Оны мен Мұх­тар Шахановтан сатып алған­мын. Сон­­да өзіміз бірнеше жыл отырып, осында көшіп келдік. Бос тұрды. Бір күні біздің үйге екі әйел келді де: «Үйіңізді әрең тап­тық, сіздің дачаңыздың қасында пәтер жалдап тұрамыз. Моңғолия­дан көшіп келгенбіз, жеті бала­мыз, қолымызда үлкен-кісілер бар, сіздің үйді сатып алсақ деп едік», деп мені сол жаққа бастап бар­ды. Әлгі екі әйелдің бірінің күйеуі Сарыөзекте жол құрылысында жұмыс істейді екен. «Күйеуің айына қанша жалақы алады?» деп сұрап едім, «500 доллар», деді. «Мына үйімді қаншаға аламақсыңдар?», дегенімде, «айына 500 доллардан беріп тұра­йық, бізге беріңіз» деп жауап қатты. Балалары қуанып, біз осы үйді алатын болдық, қандай бақыт­ты­мыз!», десіп үйді айналып, бірін-бірі қуалап жүгіре жөнелгені. Әлгі сәтті көріп, же­тім өскен менің көзімнен жас төгіліп кетті. «Япыр-ай, егер ана балалардың бақы­ты осы үй болса, онда неге тегін бере салмаймын» деп ойлап: «ендеше, мына баламның қолына 500 доллар са­лыңыз, ырымы болсын, осы 7 балаға сыйға тартқаным, осылар аман өссе, бір жөні болар, сосын үйді тегін алыңыздар», дедім. Олар сен­бей тұрып қалды. Кейін бір айдан кейін әлгі бауырларым тағы 500 долларын алып үйге келіпті. Ол кез тамыздың аяғы еді. «Биыл бала­ларың мектепке барады екен, бұл ақшаға осыларға киім алып беріңдер» деп қайтардым. Осы күнге дейін жеті баланың үйді айнала жүгіргені көз алдымда. Оларды қуантқан сәтімді ойласам, өзіме іштей разы боламын. Содан кейін екі отбасы жақын араласып кеттік» дейді.

Алақандай әңгімеден біз абыз жазушымыздың өзгелерге деген ізгі пейілі мен қамқорлығын сезі­не аламыз. Қалам ұстағандар­дың әлемді өзгертуге аз да болса септігін тигізе алатынына бұл күн­де көзіміз жеткені мәлім. Олардың санасындағы ізгі ой «Ақсұңқар жемін шашып жейді» деген қазақ мақалымен үн­десіп тұрғаны аян.