• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:10

Ясауи кесенесі төңірегінде биік ғимараттар салуға тыйым салынады

25 рет
көрсетілді

Мәжіліс «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және оған қатысты түзетулер бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.

Заң жобаларын Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген.Жобада Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде қалыптастыру, дамыту және оның жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдай жасау көзделген. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және рухани нысандардың қасиеттілігін сақтау да басты мақсат болып отыр.Негізгі заң жобасы аясында қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер олардың құқықтық мәртебесі, қорғау режимі, пайдалану тәртібі және басқа да аспектілерін анықтайтын санаттарға бөлінеді.Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және айналасындағы құрылысқа бөгде элементтердің енуіне жол бермеу мақсатымен шектеулер енгізіледі.

Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасынан 100 метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша үйлеспейтін нысандардың құрылысына тыйым салынады.