Мәжіліс зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялады. Құжатқа 2013 жылы 27 маусымда Марракеш қаласында қол қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шарттың негізгі ережелерінде оның қатысушылары жарияланған туындыларды қолжетімді форматтарда көбейту, тарату және оларға жария қол жеткізуі үшін авторлық құқықтар саласындағы шектеулер мен ерекшеліктер белгіленген.Сонымен қатар арнайы уәкілетті органдардың қызметі арқылы баспа ақпаратын қабылдау үшін көру қабілеті бұзылған немесе басқа да қабілеттері шектелген адамдарға қолжетімді форматтарда туындылармен трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру қарастырылған.Марракеш шартының ережелері аудиокітаптармен қоса кез келген БАҚ-та жарияланған немесе басқа жолмен көпшілікке қолжетімді мәтін, ноталық жазба секілді иллюстрациялар түріндегі туындыларға қолданылады.Шартты ратификациялау көру қабілеті бұзылған немесе басқа да қабілеттері шектелген адамдарға кітаптарға, журналдарға, оқу материалдарына қолжетімділікті кеңейтуге және қоғамның мәдени, әлеуметтік өміріне тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.