• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Саясат Кеше

Еліміз өзін әлемге таныта білді

26 рет
көрсетілді

Қазақстанның сыртқы саясаты қазір өте жақсы дамып келеді. Оны көп мемлекеттер жоғары бағалап жатыр. Дамыған, дамып келе жатқан мемлекеттер арасында өзінің орнын, мүддесін көрсетіп, танытты. Халықаралық аренадағы ірі саяси ойыншыларға да «қыр көрсетіп» қойды.

Біз халықаралық заңдарға, халықаралық ережелерге сүйеніп сыртқы саясатта шешім қабылдаймыз. Бұл заңды сыйлау, құқықты таптамауды білдіреді. Мұндай қадамды өзге мемлекеттер өте қатты бағалайды. Әсіресе, Батыс мемлекеттері, Жапония тіпті АҚШ бізді мойындап отыр.

Еліміз екі үлкен саяси акторлар – Ресей мен Қытайдың ортасында орналасқан. Екі елмен де тату көршілікті сақтау маңызды. Бірақ Қазақстан өзінің ұстанған саясатына орай Ресейді де, Қытайды да стратегиялық әріптесі ретінде көрсетіп отыр. Екеуі де тең, осы мақсатты алдымызға қойып қойғанбыз. Бұрынғыдай экономикалық жағынан болсын, әлеуметтік жағынан болсын, саяси жағынан болсын Ресейге алаңдамаймыз. Өйткені әріптеспіз. Өзіміздің құқымыз, ұстанымымыз бар. Дамыған елдер мұны көріп отыр. Өзіміздің мүддемізді ең бірінші орынға шығардық. Әрі қарай да күшейе түссе, Қазақстанның орны халықаралық аренада мүлдем өзгереді.

Қазір адам құқығы мәселесін де алға қойып отырмыз. Демократия, саяси демократия институттарын дамытып, ережелерін бекітіп алуға талпынып келеміз. Жемқорлықтың да тамырына балта шауып, елдің заңсыз әкетілген қаржысы қазынаға қайтарылып жатыр. Бұл – біздің сыртқы саясатымызға, халықаралық аренадағы орынымызды шегелеп алуға бастайтын ізгі қадамдар.

Қазақстан Орта Азияның бес мемлекетімен де келісім орнатып, көшбасшылық таныта білді. Одақтас елдермен бірге дамуымыз жақсы қадам, бес ел бес жақта орналасқанымен біріккеніміз жөн. Осындай кішкентай қадамдармен үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Бұл – әрине, сыртқы саясаттың нәтижесі.

Ішкі саясатымызды дамытуға да бет бұрдық, құқықтық зайырлы мемлекет атына сай болу маңызды. Бұл бір биліктің міндеті ғана емес, халықтың ішкі мәдениетіне де байланысты. Мемлекет деген – саяси күш. Сондықтан адам құқығы қорғалып, билік пен халықтың мүддесі сай келуі керек. Еліміз осыған талпынып, көптеген іс атқарып жатыр. Маңыздысы билік те, халық та мұны түсінді. Халықтың құқығы мен мемлекеттің құқығы бірдей болып, тепе-теңдік құрылса, заңдарымыз да, құқықтарымыз да сыртқы саясатымыздың дамуына өте көп үлес қосатыны сөзсіз.

Толғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА,

саясаттанушы