Ферғанадағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан тағы сегіз зардап шегуші дәрігерлердің бақылауына алынған.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жарылысқа сұйытылған газды төгу кезінде технологиялық процесс пен қауіпсіздік ережелерін бұзу себеп болған.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті жарылыс сұйытылған газды шығару кезінде (жергілікті уақыт бойынша) 13:43-те болғанын хабарлады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде жетіп, 14:12-де өртті сөндірген.