Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың заңдылығының жай-күйін талдау барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен техникалық тексеру туралы сертификаттармен жүрген 10 көлік,сондай-ақ міндетті сақтандыру полисінсіз жүрген 3 көлікті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы жағдай медицина қызметкерлерінің, науқастардың және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
«Аталған фактілер бойынша аудандық прокуратура кінәлі тұлғаларды ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 590-бабының 8-бөлігіне (Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру) және 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы) әкімшілік жауапкершілікке тартты», делінген хабарламада.
Бүгінгі күні заң бұзушылықтар жойылып, айыппұл толығымен өтелген.