• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.02
  • EUR:
    545.19
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 19:00

Астанада құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үй кешені аяқталды

14 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті үйлер аяқталып, үлскерлерге пәтер кілті табыс етілгенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz елордарың әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің мәселесін шештік. Олар – «Территория комфорта-1» (екінші кезек) және «Жағалау 4» полигон 3 көппәтерлі тұрғын үй кешендері. Екі үй де басынан бастап қайта салынды.

Мәселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 жыл бұрын басталған. Үйді техникалық тексеру кезінде нысанның апатты жағдайда екені анықталды. Апатты тұрғын үй кешенінің блоктарын толықтай бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Осыған дейін 1-кезектің құрылысы аяқталған болатын. Ол кезде 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған. Биыл екінші кезектің құрылысын бітірдік. Осылайша, 20 жылға созылған ең проблемалы тұрғын үй кешенінің мәселесі сәтті шешілді.

Ал «Жағалау 4» полигон 3 құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Жосықсыз әрекет салдарынан мердігерлер ауысып, үйдің пайдалануға берілу мерзімі өзгерді. Тұрғындардың жалпы жиналысында үлескерлерді жаңа «Е16, Е17, Е32» ТК-ға көшіру туралы шешім қабылданған. Осылайша, үлескерлер көптен күткен баспаналарының кілтін алды. Аумақты абаттандыру көктемде жалғасады.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Соңғы жылдары осындай 140-тан астам тұрғын үй кешені халық игілігіне берілді. Көптен күткен пәтер кілтін 15,5 мыңнан аса үлескер отбасы алды. Қалған бірнеше үйді жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», деп жазды Жеңіс Қасымбек.