• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Кеше

Қостанай облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

14 рет
көрсетілді

Қостанайлық құтқарушылар 22 желтоқсанда таңертең қар құрсауында қалып кеткен балықшыларды тауып, аман-есен үйіне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таңертең, Қарасу ауылының жанында, Қойбағар көлінің маңында екі ер адам мінген жеңіл көлік қарға батып, боранда қалып кеткен.

- Қатты жел мен төмен температура жағдайды нашарлатып, олардың өміріне нақты қауіп төндірді. Көмек сұраған белгі түсе салысымен, құтқарушылардың кезекші ауысымы оқиға орнына жедел аттанды. Арнайы техниканы қолдана отырып, құтқарушылар көлікті қар құрсауынан эвакуациялап, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады".Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай облысы ТЖД өңір тұрғындарына қыс мезгілінде қаладан тыс жерлерге шығу кезінде аса сақ болу қажеттігін еске салады. Мұндайда ауа-райы болжамын алдын ала біліп, жылы киім, жанармай қоры және байланыс үшін зарядталған телефон болуы маңызды.