Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, байрақты бәсекеге Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия балуандары қатысқан.
21 желтоқсан күні 57 келі, 65 келі, 74 келі, 86 келі және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталған.
Жарыс жеңімпаздары:
57 келі: Рахат Қалжан (Қазақстан)
65 келі: Әділ Оспанов (Қазақстан)
74 келі: Дэвид Аарон (АҚШ)
86 келі: Болат Сақаев (Қазақстан)
97 келі: Абусаймон Хабила (Қытай)
Турнирдің соңғы күнінде 61 келі, 70 келі, 79 келі, 92 келі және 125 келі салмақ дәрежелері бойынша медальдар сарапқа салынды.
Бұл салмақ дәрежелеріндегі жарыс жеңімпаздары:
61 келі: Мейрамбек Қартпай (Қазақстан)
70 келі: Мұстафа Ахмедов (Тәжікстан)
79 келі: Сулдхуу Олонбаяр (Моңғолия)
92 келі: Азамат Дәулетбеков (Қазақстан)
125 келі: Серік Бақытханов (Қазақстан)