• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:51

2025 жылдан бастап дербес кассациялық соттар қызмет етеді

22 рет
көрсетілді

ҚР Президентінің 2024 жылғы 5 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген еді.

Аталған өзгерістердегі басты жаңалық - келер жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде дербес кассациялық соттар қызмет етеді.

Қазақстанда енгізіліп жатқан  кассациялық соттар –  сот жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа саты. Олардың негізгі міндеті – әділдікті қамтамасыз ету, қателіктер мен заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ апелляциялық соттардың шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну.

Кассациялық соттар - бұл төменгі соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне шағымдар бойынша істерді қарайтын сот органдары. Олардың негізгі міндеті - бірінші және апелляциялық сатыдағы судьялар қабылдаған сот шешімдерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексеру.

Жаңа кассациялық соттардың судьялары қызметтегі білікті судьялар арасынан іріктеледі. Кассациялық сотта жұмыс істеуге таңдалатын судьялардың заңгерлік өтілі кемінде 18 жыл, ал судьялық өтілі кемінде 8 жыл болуы шарт. Төрағалар үшін кемінде судьялық өтілдің кемінде 10 жыл болуы, оның ішінде облыстық соттың судьясы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы басты шарт ретінде бекітіліп отыр.

Бүгінгі таңда қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру, сот жүйесіндегі тың өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында әскери соттардың судьялары мен сот қызметкерлері кассациялық соттардың қызметіне қатысты ақпараттық, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

 

А. АДЕНОВ,

ҚР Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы