• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Биылғы ҰҚШҰ саммиті қандай маңызды шешімдермен қорытындыланды

34 рет
көрсетілді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 28 қарашада Астанада Тәуелсіздік сарайында өтті. Еске салайық, шағын және кеңейтілген құрамдағы сессия отырыстарына Беларусь Прези­денті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Қазақстанның төрағалық міндеті толық орындалды

Шағын құрамдағы сессияда Қазақстанның Ұйымға төрағалығы кезінде қойылған міндет­тердің бәрі орындалғанын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ұйымның жарғылық органдары­ның отырыстары, әскери оқу-жаттығу жиындары және профилактикалық опера­циялар жоспарлы түрде ұйымдас­тырылды. Сыртқы істер және қорға­ныс министрлері ұжымдық қауіпсіздік­тің өзекті мәселелерін қарастырды. Қауіпсіздік кеңесі хатшылары мен парламент спикерлерінің деңгейінде кездесулер өтті. Ұйымның қосымша және жұмыс органдарының кеңестері өткізілді. ҰҚШҰ қызметінің түрлі бағыттары бойынша консультациялар жасалды. Сессия аралық кезеңде бірқатар маңыз­ды құжат қабылданды. Бұлар халықара­лық ынтымақтастық, қорғаныс сала­сын­дағы ықпалдастық, сондай-ақ ұжым­дық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатер­лері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты дайындық жұмыстарына айрықша мән берілді», деді.

Жиын барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бұған қоса Қазақстан Республикасының 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы қорытындыланды және алдағы кезеңнің жоспары нақтыланды.

Сын-қатерлерге қарсы күрес тетіктері жолға қойылды

ҰҚШҰ Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтіл­ген құрамдағы отырысының сессия жұмысын ашқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында Ұйым жарғысына сай ынты­мақтастық бағыттары бойынша 60-қа жуық іс-шара ұйымдастырыл­ғанын, халық­аралық аренада келісілген ұстанымдарды ілгерілету бойынша серіктестермен бірлесе жұмыс жүргізілгенін айтты.

«Биыл қабылданған саяси құжаттар легіне ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жалпы бағалауы негіз болды. Олардың ішінде халықаралық ақпараттық қауіпсіздік, ғарыш саласындағы ынты­мақтастық мәселелері мен Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты, сондай-ақ Белоруссияны басқыншылардан азат етудің 80 жылдығына орай қабыл­дан­ған мәлімдемелер бар. Жыл бойы ұжым­­дық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құ­рал­дарының әскери дайындығына мұ­қият назар аударылды», деп айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітім­гер­лік күштерінің дайындық деңгейі мен жауы­нгерлік машығын жетілдіру жұмыс­тары жүргізіліп жатқанын, қыркүйек-қазан ай­ларында елімізде «Мызғымас бауырлас­тық-2024» ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерінің командалық-штабтық оқу-жаттығулары мен «Жартас-2024» ҰҚШҰ арнайы оқу жиыны өткізілгенін, аса қауіпті нысандардағы күрделі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізудің бірлескен іс-қимылы пысықталғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл бойы өзекті сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше ден қойылғанын, Қазақстан айқындаған басымдықтар жүйелі жүзеге асырылғанын атап айтты.

«Қазақстан мен ҰҚШҰ-ға мүше басқа да елдер аумағында бір уақытта «Наемник», «Канал», «Нелегал» және «ПРОКСИ» секілді арнайы опера­ция­лардың түрлі кезеңдері өтті. Бұл іс-шара­лар халықаралық терроризмге, есірт­кі саудасына, заңсыз көші-қонға және ақпараттық ортадағы сын-қатерлерге қатысты қауіптің алдын алуды көздейді. Биыл біздің бастамамызбен алғаш рет заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жөнінде консультациялар өтті. ҰҚШҰ аясында арнаулы жұмыс тобын құру мәселесі пысықталып жатыр. Қазақстан төрағалығының үйлестіруімен Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасын дайындау жұмыстары аяқталды. Құжатты әзірлеу 2013 жылы басталған еді. Бүгін біз Ұйымның оңтүс­тік шебіндегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған осы маңызды шешімге қол қоямыз», деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық етті.

Декларация қабылданып, бірқатар құжаттарға қол қойылды

Ұйымның және оның барлық мүшелерінің мүддесі үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталып қабылданған құжаттар тізімі:

ҰҚШҰ-ның тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.

Президенттер сондай-ақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы туралы Мәлімдеме қабылдады және бұл датаны 2025 жылы атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.