ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті Ақтау маңында болған ұшақ апатынан аман қалған балалардың өзге елдердің азаматтары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді, олар басқа елдің азаматтары», делінген хабарламада.
Ведомство зардап шеккен балаларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын қоса хабарлады.