Оқиға 31 Желтоқсан, 2024

Мереке қарсаңында 84 мың отшашу бұйымы тәркіленді

85 рет
көрсетілді

Бүгінде сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды анықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 4800-ге жуық полицей тартылған.

24.kz ақпаратынша, рейдтер барысында 743 құқық бұзушылық анықталған. Алыпсатарлардың басым бөлігі сертификатталмаған отшашуларды саудалаған. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды сақтауда қауіпсіздік талаптары ескерілмеген 10-нан астам дерек тіркелген. Полицейлер 84 мың дана отшашу тәркіледі.