Бүгін таңғы сағат 4-те Алматының Жетісу ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Daewoo автокөлігінің жүргізушісі Кудерина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульді басқара алмай, жолдың шығыс жағына шығып кетіп, кедергіге – көше жарықтандыру бағанасының бетон тірегіне соғылды. Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.