• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 11:00

Ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Сербияда ұсталды

19 рет
көрсетілді

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен өзгенің қаржысын алаяқтықпен иемденген қаскөй Сербияда қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Күдікті 2017 жылы  Kolesa.kz сайты арқылы қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Жәбірленуші алаяққа сеніп 43 млн көлемінде келісімшарт жасасып, осы сумманы шотына аударған. 

Күдіктіге 2023 жылдың қыркүйек айында халықаралық іздеу жарияланған. ІІМ 45 жастағы қаскөйдің Сербиядан ұсталып, бүгін елге экстрадацияланғанын хабарлады.