Сенат депутаты Марат Қожаев Алматыдағы дәмханалардың бірінде жаңа жыл түні болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Онда шетелдік студенттердің таяқ, орындықтармен бір-бірін соққылап жатқанын көруге болады.
Жаңа жыл түні төбелескен студенттер 5 жылдық шектеумен елден шығарылады. Сенатор бұл шешім заң шеңберінде қабылданғанын айтты.
«Елімізде жүрген кез келген шетел азаматы біздің заңымызды, тәртібімізді, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді құрметтеп, сайып келгенде, өзін қалай ұстау әдебін білуі керек. Бұл - әлемдік тәжірибе. Басқа елде жүргенде заңды сақтап, оған бағыну керек. Қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдіктер депортацияланады. Сонымен қатар олардың Қазақстанда оқитыны туралы құжаттар да күшін жояды», деді Марат Қожаев.