• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Экология Кеше

Көлігін ұзақ қыздырған жүргізушілер айыппұл арқалайды

37 рет
көрсетілді

Елімізде көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге айыппұл салынады. Сенатор Марат Қожаев мұндай айыппұл не үшін салынатынын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың сөзінше, бұл талап экологиялық нормалдарды сақтауды көздейді.

«Бізде ауа қатты ластанған, бұл жағдай ірі қалаларда ерекше байқалып отыр. Жүргізушілерді осы бап бойынша жауапқа тарту үшін нақты дәлел - бейнежазба керек. Сондай-ақ нақты уақытын да тіркеу қажет. Егер осындай дәлелдер болса көрсетілген жүргізуші әкімшілік жазаға тартылады. Мұндай нормалар дамыған елдерде де бар», деді Марат Қожаев.

Егер жүргізуші аталған норманы алғаш рет бұзса 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды, екінші рет қайталанса 10 АЕК айыппұл төлейді.