Бүгін Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты.
«9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Алмагүл» шағын ауданында 1979 жылы туған әйел көпқабатты үйлердің бірінің сегізінші қабатынан құлап кеткен. Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.