• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:01

Су үнемдеу: Мажарлық препарат сынақтан өтті

19 рет
көрсетілді

Мажарлық ылғал сақтайтын препаратты сынақтан өткізудің алғашқы кезені аяқталып, сала министрлігі нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Аталған сынаққа Тараз қаласындағы «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», Қызылордадағы «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы», «Аграрлық инновациялар институты» қатысқан. 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, ғалымдар препаратты қолдана отырып күріш алаңында 37%-ға дейін су үнемдеуге болатынын мәлімдеген. Себебі, дәстүрлі әдіс бойынша күріш 90 күн бойы суарылады. Ал ылғал сақтайтын препаратты пайдаланған кезде 51 күн суару жеткілікті. Қант қызылшасы алаңында 23,9%, жүгеріде 28,7%-ға дейін су үнемделген. Бұдан бөлек, сарапшылар өнімділік те артқанын айтады.

«Сынақтың алғашқы кезеңі жақсы нәтиже көрсетті. Келесі кезекте үлкен көлемдегі егіс алқаптарында препараттың тиімділігін тексеру керек. Ол үшін шаруалармен кездесіп, сынақ нәтижесін көрсету керек. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Себебі, жыл өткен сайын суармалы суға сұраныс артып келеді және біздің диқандар заманауи су үнемдеу әдістеріне көшуге мүдделі», деді министр Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде мажарлық «Soil solution» компаниясының өкілдері шаруалар тарапынан үлкен сұраныс болса Қазақстанда препарат шығаратын зауыт ашуға ниетті екендіктерін мәлімдеді.

«Біз Қазақстанда өз өнімімізді шығаратын зауыт ашу мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Осы арқылы жол шығынын азайтуға болады. Демек, шаруалар үшін препараттың бағасы бірнеше есе арзандайды. Сондай-ақ Қазақстанда жасалған өнім ретінде шетелге де экспорттауға болады», деді «Soil solution» компаниясының өкілі Даниел Репасси.