• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қаңтар, 2025

Ақтауда алаңқайда баланы көлік қағып кеткен

63 рет
көрсетілді

Оқиға балаларға арналған ойын алаңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Inaktau.kz ақпаратынша 29-шы шағын ауданда №22 үйдің жанында Hyundai Accent маркалы көлік Mercedes көлігімен соқтығысып, инерциямен балалар алаңына кіріп кеткен. Сол мезетте алаңда болып, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген.

«Mercedes көлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.