Есірткі 13 Қаңтар, 2025

Оралда есірткі сатқан күдікті ұсталды

41 рет
көрсетілді

Орал қаласының полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінген Қостанай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Полицейлер Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 37 «зип-пакет» тәркіленді.

Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 «зип-пакет» тәркіленді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.