• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

Кен металлургиясы кешенінің келешегі кемел

339 рет
көрсетілді

Кеше Астанада VI Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын бастады. Оған алыс-жақын 18 шетелден 650-ге тарта делегат қатысуда. Конгреске Премьер-Ми­нис­трдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысып, сөз сөйледі. Б.Сағынтаев Қа­зақ­станның тау-кен металлур­гия саласындағы бүгінгі ахуа­лына тоқталды. Бірінші вице-премьер еліміздің тау-кен металлургиялық өнеркәсібін дамытудың бірнеше басым бағыты Елбасының Қазақ­станда бес институттық рефор­ма үшін белгілеген «100 нақ­ты қадамын» жүзеге асыру­ға сәйкес екендігін айтып өт­ті. «Қазақстандық металл бренд­терiн дамытуға келетiн болсақ, бiз Қазақстан титанының әлемдiк сегменттегi үлесiн 11 пайыздан 20 пайызға дейiн арттыруды жоспарлап отырмыз», деді Б.Сағынтаев. Бұдан өзге, салада пайдалы қазбалар қор­­лары бойынша есептілік стан­дарт­тардың халықаралық жүйе­сін енгізу жоспарланған. Сондай-ақ, инвестиция тарту үшiн тау-кен саласында жер қойнауын пайдалану құқығын берудi жеңiлдету көзделуде. «Ол батыс Австралияның тә­жi­рибесiнен алынады. Онда «бiрiншi келдiң, бiрiншi алдың» деген қағида қолданылады. Ол үшiн «Жер қойнауы тура­лы» кодекс жасақталуда», деп атап өттi Б.Сағынтаев. Қа­зақстанның тау-кен кешенiн дамыту мақсатында осы салаға трансұлттық компания­ларды тарту көзделген. Қазiрдiң өзiнде «Glencore», «Арселлор», «POSCA», «ЕуразХолдинг» сынды iрi компаниялар жұмыс iстеп жатыр. Осы бағыттағы жұмыс күшейтіле бермек. Тау-кен саласы Қазақстан ІЖӨ-нiң үштен бiрiн құ­рай­ды. Шамамен 19 пайызын қам­та­масыз етедi. Бұл салада 300 мыңға тарта адам жұ­мыс iстейдi. Металл нары­ғын­дағы бағалардың құлды­рауына, экспорттық көрсет­кiштер төмендегенiне және валюталардың ауытқуына қарамастан, Қазақстан тау-кен кешенiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн сақтап қалатын шараларды қолға алуда. Бiзде 2010-2014 жылдарға арналған үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бар. Оның арқасында тау-кен саласында 2,5 млрд. долларға жаңадан 60 кәсiпорын iске қосылды. Шамамен 16 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Ал 2015 жылы тау-кен саласында 6 жоба iске қосылмақ. Б.Сағынтаевтың сөзiне қарағанда, тау-кен саласын дамытуға арналған шаралар әрі қарай да жалғаса бермек. Экономиканы әртараптандыру мақсатында мемлекет 2015-2019 жылдарға арналған үдемелi ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қабылдады. Онда қара металға басымдық берілген. Ең басты мәселе, қолда бар кәсiпорындардың қуатын арт­тыру, жаңа өндiрiстердi ашу, еңбек өнiмдiлiгiн көбейту, ин­фра­­құ­рылымды қамтамасыз ету, ин­вес­тициялық жобаларға қажет­тi инфрақұрылымдарды дамы­ту, экспорт пен iшкi нарық­тағы сұра­нысты арттыру. Ол үшiн бiз әр­дайым инвестиция­лық тартым­ды­лықты күшейтудi жал­ғас­тырып келемiз. Инвесторларды тарту үшiн заң жағынан ынталан­дыру шаралары жасалды. Ин­вес­тиция­лық шарттар жеңiлдетiлдi, ин­вес­ти­циялық жеңiлдiктер қа­рас­тырылды. «Қолға алынған шаралардың арқасында биылғы жылы 5 ай­дың iшiнде былтырғы жылдың сәй­кес кезеңiмен салыстырғанда, металл қазбасы 63 пайызға, метал­лургиялық өнiмдердi шығару көлемi 15,6 пайызға артты», деп атап өттi бiрiншi вице-премьер. Өткен жылдың қорытын­ды­ларына сүйенсек, өнеркәсіптік өнді­рістің жалпы құрылымындағы тау-кен металлургия кешені саласының үлесі 18 пайызды құра­ды. 2014 жылғы қаңтар-желтоқ­сан айлары аралығында қолданыс­тағы бағалар жағдайында металл кендерін өндіру көлемі 882,3 млрд. теңгені құраған, мұнда­ғы темір кенін өндіру көлемі – 223,3 млрд. теңге. Түрлі-түсті металл кен­дерін өндіру көлемі – 658,9 млрд. теңге, ме­таллургия өнеркә­сібіндегі өнді­ру көлемі 1 915,2 млрд. теңге болып отыр. Индустрияландыру карта­сы­­ның жобалары шеңберінде бұрын Қазақстанда өндіріліп көр­ме­ген өндірістер игерілді. Бұл ретте «Қазэнергокабель» АҚ-та­ғы алюминийлі созба сым, «Қаз­терм» ЖШС-дегі болаттан жасал­ған панельдік радиаторлар, «SARECO» БК» ЖШС-дегі жерде сирек кездесетін металдардың ұжымдық концентраты, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-тағы титан құймалары мен слябтары, «KSP Steel» ЖШС-дегі жіксіз құбырларды мысалға келтіре аламыз. Аталған жобалар базалық металдарға шығу және балқыту деңгейі одан да жоғары өнімдерін өндіру бойынша міндеттерді іске асыру көрсеткіштері болып табылады. Конгрестің кешегі күнгі жұмысына Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, Гео­логия және жер қойнауын пай­далану комитетінің төрағасы Базар­бай Нұрабаев, сондай-ақ, ұлт­тық компаниялардың, ірі тау-кен металлургия, сервистік компа­ниялар мен халықаралық агент­тіктердің басшылары, Австралия, Ауғанстан, Ұлы­бри­тания, Канада, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Франциядан келген ғылым және бизнес мамандары да қатысып баяндама жасады. Инвестициялар және даму ми­нистрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев сессияда сөйлеген сөзінде барлау құқығын алуға жеңілдетілген әдісті енгізу Қазақстанда шағын юниорлық компаниялар нарығын дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен бірге, аталған тәртіп ин­дустриялық-инновациялық қыз­мет субъектілеріне де тарай­ды. Олар жер қойнауындағы кен­ге Қазақстанда жаңа техно­ло­­гия­ларды алмастыруға ниетті. Барлау құқығын алуға жеңілде­тіл­ген әдіс инвесторлар үшін келесі басымдықтарды қамтиды. Олар: барлау шараларына жылдам қол жеткізу; юниорлық компания­лардың бәсекелес нарығының пайда болуы; инжинирингтік және сервистік қызмет нарығының еселеп артуы. Атап айтқанда, жер қой­науын пайдалану саласында заң­наманың негізгі өзгерісі жер қой­науы туралы кодексте қамтылуда. Айта кетейік, конгрестің кешегі сессияларында «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс тұжырымдамасының жобасы кеңінен сөз болды. Оған енгізілетін ұсыныстар пысықталып, талқыланды. Себебі Қазақстанда барлау шараларына жеңілдетілген құқықты беру тәртібі Австралия тәжірибесі бойынша іске асырылмақ. Ал австралиялық әдіске толығымен көшу «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс тұжырымдамасының жобасы қабылданғаннан кейін мүмкін болмақ. Екі күнге жоспарланған шарада геологтар, кеншілер мен металлургтер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптік саясатын, оның ішінде, Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту, тау-кен металлургия кешенінің шикізат базасын дамыту, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін кеңейту, кө­мір өнеркәсібін, алтын өндіру сала­сын дамыту мәселелерін талқы­лап жатыр. Сондай-ақ, осы кон­гресс аясында «Astana Mining & Metallurgy 2015» көрмесі ұйымдас­тырылды. Металлургтердің биылғы кон­гре­сінің бас тақырыбы «ТМК өнеркәсіптік саясаты: Инвес­ти­циялар, Жаңғырту, Өндіріс» деп аталды. Конгрестің ұйымдас­тырушылары Қазақстан Респуб­ликасы Инвестициялар және даму министрлігі, Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның ха­лықаралық серіктесі – ITE Group Plc (Ұлыбритания). Биылғы жыл­дың бір ерекшелігі конгресс аясында алғашқы рет B2B және G2B пішімінде бизнес-кездесулер ұйымдастырылмақ. Ол конгрес­тің екінші күніне, яғни 18 мау­сымға жоспарланған. Бұл тау-кен және металлургия саласы­ның көшбасшылары болып сана­латын «Қазмырыш», «KAZ Mi­nerals», «Қазақмыс», «Еура­зиялық Топ», «Тау-Кен Самұ­рық», «Қазгеология» компанияларымен тиімді жеке келіссөз жүргізудің бірегей мүмкіндігі дейді ұйымдастырушылар. Форумның пленарлық сессияларында «Қазақстан Респуб­лика­сының көмір өнеркәсібінің даму келешегі», «Алтын өндіру саласын дамыту, аффинаждық кәсіп­орындарға жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, құрамына асыл металдар кіретін қазақстандық шикізатты қайта өңдеуге күш салу», «Энергия тиімділігі – тау-кен өндіру және металлургия сала­сының даму факторы», «Тау-кен металлургия кешені үшін кадрлар» деген тақырыптарды қамтып, мамандар өзара пікір алмасты. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан».