• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:19

Өзбекстанның алты азаматы Түркияда ішімдік ішіп, көз жұмған

23 рет
көрсетілді

Өзбекстанның алты азаматы Ыстанбұлда сапасыз ішімдік ішіп, уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы 14 қаңтарда қаза тапқандардың бесеуі 35 пен 40 жас аралығындағы ер адамдар екенін хабарлады. 15 қаңтарда тағы бір әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

Консулдың мәліметінше, ішімдік Ақсарай өңірінен сатып алынған. Барлығы 38 адам зардап шексе, оның 26-сы - өзге елдердің азаматтары. Оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 11-ге жеткен.

Полиция ауқымды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Іс аясында жалған ішімдік өнімін шығарды деген күдікпен Түрікменстанның екі азаматы ұсталған.