• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 15:12

Шетелдіктерге жалған құжат жасап бергендер жазаланды

13 рет
көрсетілді

Астана қаласының екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясының азаматтарына жалған құжат жасаумен айналысқан, деп жазады Egemen.kz.

Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасаса, екіншісі «клиенттерді» тауып берген.

Жалған құжат жасағандар осы қызметі үшін шетел азаматтарынан 80 мыңнан 1 млн теңге арасында қаржы алған. 

Сотта олардың кінәсі толық дәлелденіп, 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Ал заңсыз алынған 107 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасындағы қаражат мемлекет кірісіне тәркіленген.